3818

Қайрат Нұртастың балалары мектепке анасынсыз дайындалды

Актриса студенттің анасы атанғанын жазды.

Қайрат Нұртастың балалары мектепке анасынсыз дайындалды
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың балалары жаңа оқу жылын бастады. Үлкен қызы Сезім студент атанса, Алау – 11-сыныпқа, Нарұл – 9-сыныпқа, ал кенжесі Хан – 5-сыныпқа көшті.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында қазір өзі нәрестенің де, мектеп оқушыларының да, тіпті студенттің де анасы екенін жазды.

Ортаншы қызы Алау да Instagram Stories-те өз әсерімен бөлісті. Ол биыл алғаш рет анасынсыз мектепке дайындалғанын айтты:

«Бірінші рет өмірімде мектепке дайындыққа анамсыз бардым. Өзімді жауапты сезіндім, сәл де болса ересектік сезімі келді. Бірақ онсыз үйренбеген екенмін. Дегенмен қызық болды: бәрін өзім таңдап, не алу керек, не алмау керегін шештім. Былайша айтқанда, ересек өмірге кішкентай қадам жасағандай болдым».

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор