4113

Алматылық медбикелер ұшақтағы жолаушының өмірін сақтап қалды

Олар Қазанға іссапармен бара жатқаны белгілі болды.

Алматылық медбикелер ұшақтағы жолаушының өмірін сақтап қалды
Денсаулық сақтау министрлігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы – Қазан бағытындағы әуе рейсінде жолаушының жағдайы күрт нашарлап, өлім аузынан қалды. Оған қатар ұшып бара жатқан дәрігер мен екі медбике дер кезінде көмек көрсетті.

Ұшақта ер адамның қан қысымы төмендеп, тамыры әлсіреп, артынша есінен танған. Жолаушыға Қазан қаласының дәрігері Наиля Ровкач пен Алматы онкологиялық орталығының медбикелері Алтынай Қартбаева мен Айділдә Қонақбаева алғашқы медициналық көмек көрсетті. Олар іссапармен оқуға бара жатқан.

Медқызметкерлер шұғыл түрде укол салып, науқасты есіне келтірген. Әуе кемесі шұғыл қонғаннан кейін ер адам ауруханаға жеткізіліп, толық тексеруге алынды.

Кейін белгілі болғандай, дәл осы күні оның туған күні екен.

Бұған дейін Кызылорда – Астана рейсінде де төтенше жағдай болған. Ол кезде медицина студенті жүрегі тоқтап қалған жолаушының өмірін аман алып қалған еді.

Материал авторы