SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Михаил Козачков белгілі банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шыққанын жазды.
Ол 2020 жылдың қарашасында RBK банкынан 144 млрд теңге жымқырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал 2021 жылдың наурызында оған тағы бір үкім шығып, қылмыстық топ құрып, алаяқтық жасағаны үшін 9 жыл жаза тағайындалған болатын.
2022 жылы Ертаевтың Астанадағы аралас қауіпсіздік мекемесінде қамауда отырғаны туралы ақпарат тарады.
Козачковтың дерегінше, банкирге бірқатар жеңілдіктер қолданылған:
тергеу изоляторында отырған уақыты жеңілдетілген есеппен (1 күнге – 1,5 күн) саналды;
амнистия аясында мерзімінің бір бөлігі қысқартылды;
сонымен қатар, Ертаев кінәсін мойындап, істің ашылуына көмектескен және келтірілген шығынды өтеуге күш салған.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті банкирдің босатылуына қатысты ресми түсініктеме беретінін күтілуде.
RUS