6001

Түркістандағы тойда әнші қызды бұрынғы қайын атасы ұрып тастады (ВИДЕО)

Жұрттың алдында бар күшімен ұрды дейді әнші.

Түркістандағы тойда әнші қызды бұрынғы қайын атасы ұрып тастады (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында әншінің қатысуымен болған дау әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Өнер иесіне той үстінде оның бұрынғы қайын атасы жұдырық жұмсаған. Бұл туралы жәбірленушінің өзі видеоүндеу жариялады.

Оқиға 31 тамыз күні сағат 20:30 шамасында Зағамбар ауылындағы мейрамханада өткен тойда болған. Әншінің айтуынша, ол сахнада өнер көрсетіп жатқанда, бұрынғы күйеуінің әкесі мас күйде келіп, көпшіліктің көзінше бетіне соққы жасаған.

«Ол жұрттың алдында бар күшімен ұрды. Бұл тек жеке басыма тіл тигізу ғана емес, қоғамдық тәртіпті бұзу. Ол мені қорлап, абыройымды таптады», — деп жазды әнші.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерек бойынша ҚК «Ұрып-соғу» бабы аясында қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорытынды шешім тергеу нәтижесінде қабылданады. Тергеудің мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады ведомство.

Полиция азаматтарға кез келген заңсыз әрекеттер үшін қолданыстағы заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор