Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы көкпарға қатысты
Света Айтбаева балаларына батасын берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Димаш Құдайбергеннің әпкесі Раушан Құдайберген мен анасы Света Айтбаева әлеуметтік желіде жаңа суреттерін жариялады.
Кадрларда отбасының күйеу баласы, актер Ермахан Аймахан көкпарға қатысқан сәт көрсетілген. Раушан Instagram-стоriеs-те жұбайының әңгімелесіп тұрған сәтін папараццидің түсіріп алғанын бөлісті. Ал Света Айтбаева балаларымен түскен суретті жариялап, жазба қалдырды:
«Тілектерің қабыл болсын, боталарым!».
Желі қолданушылары жылы пікірлерін білдірді:
«Ақылды, мейірімді Раушан, қызыңыз жарымен бақытты болсын». «Айтқандарыңыз қабыл болсын, аман болыңыздар». «Ермахан мен Раушан бақытты болыңыздар».
Материал авторы