«Ауа жетпей жатыр»: Қазақстандық блогер өзін тірідей көміп, TikTok-та тікелей эфирге шыққан (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
03.09.2025, 15:55
4397
«Ауа жетпей жатыр»: Қазақстандық блогер өзін тірідей көміп, TikTok-та тікелей эфирге шыққан (ВИДЕО) бейнежазбадан

Полиция блогердің әрекетіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық блогер TikTok әлеуметтік желісінде оқырман жинау үшін өзіне қауіпті әрекетке барып, өзін тірідей көміп, тікелей эфирге шықты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желіде тараған видеодан көмілген жерде тұрған бірнеше адамның жанында телефон ұстап, жағдайды баяндап жатқан жігітті көруге болады. Ол эфир барысында:

«Ауа жетпей жатыр. Осы уақытқа дейін 30 аккаунтыма шектеу қойылды. Мынау соңғы аккаунтым. Осы аккаунтты дамытып жіберейік, достар», – деп айтқан.

Аталған жағдай қоғамда үлкен резонанс туғызды. Көпшілік блогердің әрекетін сынға алды.

«Оқырман санын көбейту үшін осындай жаман істерге барады. Ертең жастар еліктеп жасаса, олардың өлімі осы блогердің мойнында қалады», «Каблуковтағы жындыханаға жіберу керек. Сол жерде тіркеп, телефон қолдануға тыйым салсын», «Интернеттің қауіпті жағы осы», – деп жазды желі қолданушылары.

Stan.kz тілшісінің сауалына Алматы қалалық полиция департаменті:

«Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп, Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қабылданады», – деп жауап берді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды