SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Kaspi Bank, ForteBank, Еуразиялық банк және Jusan Bank (қазіргі атауы – Alatau City Bank) ұйымдасқан қылмыстық топ ісіне байланысты ешқандай ресми хабарлама алмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының хабарламасында айтылды.
«Қазіргі уақытта банктерге бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің осы қылмыстық іске қатысы бар екендігі жөнінде ешқандай фактілер белгісіз. Сондықтан біз ресми ақпарат алу үшін прокуратураға жүгінеміз», – делінген бірлескен мәлімдемеде.
Сонымен қатар қаржы ұйымдары егер құзырлы органдар ресми құжаттар арқылы ақпарат ұсынса, тергеу барысында құқық қорғау органдарымен толық ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, 2 қыркүйекте Ақмола облысының прокуратурасы аталған банктердің кейбір қызметкерлері ұсталған болуы мүмкін деген ақпарат таратқан еді.
Прокуратураның мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ әлеуметтік осал топтағы азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген.
RUS