Ресейде екі қазақстандық заңсыз алтын өндіру күдігімен ұсталды

04.09.2025, 10:50
3727
Ресейде екі қазақстандық заңсыз алтын өндіру күдігімен ұсталды emporiumgold.com

Полиция 24 және 30 жастағы қазақстандықтар отырған автокөлікті тоқтатқан көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Якутия аймағында екі қазақстандық азамат заңсыз алтын өндіру ісіне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Полиция 24 және 30 жастағы қазақстандықтар отырған автокөлікті тоқтатқан. Сондай-ақ, көлікте 48 жастағы ресейлік әйел болған. Тексеру барысында қазақстандықтардың жанынан металл сары түсті контейнерлер, құтылар және шағын түйіршіктер табылған. Сараптама олардың расымен де алтын екенін көрсетті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер жаз айларында Якутияға келіп, өз беттерінше алтын құмдарын жуумен айналысқан. Олар жиналған металды Ресейдің басқа аймақтарына апарып, сатуды жоспарлаған.

Барлығы шамамен 2,5 келі алтын тәркіленді. Оның нарықтағы құны 14 млн рубльге (93,2 млн теңге) жуық.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресей заңнамасына сәйкес, мұндай әрекет үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Orda.kz редакциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен ұсталған азаматтарға қандай да бір құқықтық көмек көрсетілетіні туралы ресми түсініктеме сұрататынын хабарлады.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан