2116

Ақтөбеде рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды

Рэперде синтетикалық есірткі бар екені анықталған.

Ақтөбеде рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 31 жастағы әнші көлік жүргізіп келе жатып, есірткілік мас күйінде ұсталды.

Жеке тінту кезінде оның қалтасынан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылды. Сараптама бұл синтетикалық есірткі екенін анықтады. Медициналық тексеру де рэпердің тыйым салынған заттың әсерінде болғанын растады.

Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот Qarakesek-ке 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындап, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Материал авторы