4221

Астанада блогер Ерболат Жанабыловтың ісі сотта қаралып жатыр

Сот ашық өтіп жатыр.

Астанада блогер Ерболат Жанабыловтың ісі сотта қаралып жатыр
Tengrinews.kz / Аружан Дарибай

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты іс қаралуда.

Сот ашық өтіп жатыр. Залға блогердің өзі адвокатымен бірге келді. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің өкілдері мен журналистер қатысып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың әрекеттеріне қатысты Туризм және спорт министрлігі назар аударған болатын. Блогерлер Instagram-да 11 автокөлікті ойнататынын жариялаған еді. Шарт бастапқыда қарапайым көрінген: тек репост жасау жеткілікті болған.

Алайда 21 тамызда қатысушылар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын ақылы бизнес-курсты сатып алуы тиіс екені белгілі болды. Байқауға қатысу тек сол курсты алған соң ғана мүмкін болған. Бұл жағдай жұртшылықтың наразылығын тудырып, олар құқық қорғау органдарына жүгінді.

26 тамызда Жанабыловқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы, 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Кейін оның адвокатының өтінішімен іс Астана қаласының әкімшілік сотына жіберілген.

Материал авторы