SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда блогер Дамир Кушеевке қатысты сот процесі басталды. Ол серіктестерімен бірге полицей мен кәсіпкерден ақша бопсалады деп айыпталуда.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 2023 жылы Кушеев учаскелік полицей Серік Өтемовке қысым көрсетіп, егер 100 мың теңге бермесе, әлеуметтік желіде жағымсыз жазбалар жариялайтынын айтқан. Қызметіне нұқсан келеді деп қорыққан полицей блогерге ақша аударған.
Прокурордың айтуынша, Кушеев пен оның сыбайластары 2025 жылы кәсіпкер Бахтияр Блаевты нысанаға алған. Олар әуелі жасанды жол апатын ұйымдастырып, кейін кәсіпкерді бейнематериалдармен шантаждаған. Соның нәтижесінде Блаев 26 миллион теңгеден астам қаржысын беруге мәжбүр болған.
Сонымен қатар айыпталушылардың бірі Андрей Белянский одан тағы 16 миллион теңгені қайтаруды және төрт миллион теңгені бір компанияның техникасын жөндеуге бөлуді талап еткен.
Қорғаушы тарап айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұрағанымен, сот оны қанағаттандырмады. Іс алқабилердің қатысуымен қаралатын болды.
RUS