«Шерзатты әкесі өлтірді» деген блогер сотталды
Желіде «Доктор» лақап атымен белгілі блогер жазаланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың әкесін өз ұлын өлтірді деп айыптаған блогер Бауыржан Әбдірахманға («Доктор» лақап атымен белгілі) қатысты сот үкімі шықты.
Сот блогердің мәлімдемелерін шындыққа жанаспайтын, жала жабу сипатындағы сөздер деп танып, оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Әбдірахман көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелді.
Үкімге сәйкес, ол марқұмның туыстарына 400 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі керек. Бұдан бөлек, сот шығындарын жабу үшін 500 мың теңге көлемінде қаржы өндірілмек.
Шерзат Полаттың отбасының мүддесін қорғаушы адвокат Мейірман Шекеев сот шешімін әділ әрі заңды деп бағалады.
«Бұл – үлкен жеңіс. Шерзаттың әкесіне қатысты негізсіз айыптаулар айтқан блогер енді өз сөзі үшін жауап берді. Ол кешірім сұрап, өтемақы төлейді», – деді адвокат.
Еске салсақ, Бауыржан Әбдірахман TikTok-та жариялаған видеосында Шерзат Полаттың өліміне қатысты даулы мәлімдемелер жасаған еді. Ол марқұмның әкесін тікелей айыптап, «пышақ сермеуінің салдарынан қайғылы жағдай орын алды» деген пікір білдірген.
Материал авторы