Алматыда кептеліс мәселесі қалай шешіліп жатыр

31.03.2023, 13:42
415
Алматыда кептеліс мәселесі қалай шешіліп жатыр smartnews.kz

Алматы қаласының бас полицейі Арыстанғани Заппаров қала тұрғындары алдында есеп бергенде, оңтүстік астанада жол қауіпсіздігі қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің маңызды факторы екенін айтты.

Алматыда 2,1 миллионнан астам адам тұратынын, оларға 550 мыңнан астам көлік тіркелгенін ескеру қажет. Сонымен қатар келетін және кететін көліктердің тәуліктік ағыны 250 мың және одан да көп.

"Қарбалас уақытта біз негізгі магистральдық көшелерді қолмен басқаруға ауыстырамыз, қызметкерлерге қосымша оқыту жүргіземіз, басқа көліктердің өтуін шектейтін және тарылтатын көлік құралдарын өздігінен тұраққа қойып кететін орындарында алдын алу шараларын жүргіземіз. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын, жол-көлік жарақаттары мен адам өлімін азайту мақсатында күн сайын жол-көлік оқиғаларына талдау жүргіземіз, соның негізінде қауіпті аймақтар патрульдеу арқылы күшейтіледі, қалалық мобильділік басқармасымен бірлесіп, жол инфрақұрылымы жетілдіріліп жатыр, – деді Арыстанғани Заппаров."

2022 жылы Алматы жолдарында 1 млн 348 мың 981 ЖҚЕ бұзу анықталды. Сот үкімімен 3630 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды. 2610 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Қауіпті жүргізушілерді анықтаудың тиімді құралы – “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі. Ол жалған нөмірлі көліктерді, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді, қылмыстық көліктерді, айыппұл төлемейтіндерді және тағы басқаларды автоматты түрде анықтайды.

Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО)