Баламен үйде қалған декреттегі әкелер де зейнетақы құқығынан айырылмайды

06.09.2025, 11:33
5424
Баламен үйде қалған декреттегі әкелер де зейнетақы құқығынан айырылмайды vasectomyreversalflorida.com

Жұмыс істемейтін әкелер де үш жасқа дейінгі бала күтімі кезеңін зейнетақы өтіліне қоса алады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда әлеуметтік кодекске енгізілетін түзетулер арқылы бала күтімімен үйде отырған әкелердің де құқықтары аналармен теңестірілмек.

Жаңа нормаларға сәйкес, жұмыс істемейтін әкелер де үш жасқа дейінгі бала күтімі кезеңін зейнетақы өтіліне қоса алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек аналарға берілген еді. Конституциялық сот бұл жағдайды кемсітушілік деп танып, өзгеріс енгізуді талап еткен болатын.

Түзетулер қабылданса, бала тәрбиесіне негізгі жауапкершілік алған әкелер зейнетақы құқықтарынан айырылмайды. Бұл әсіресе анасы жұмыс істеп, әкесі үйде бала бағатын отбасылар үшін маңызды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, қазір елде шамамен 900 әке ресми түрде бала күтімі бойынша демалыста отыр және 1,5 жасқа дейінгі жәрдемақы алып келеді. Бұған дейін сарапшылар егер өзгеріс енгізілмесе, мұндай ер азаматтар зейнетақы өтілінен айырылып қалуы мүмкін екенін ескерткен. Енді олар да әйелдер секілді бала бағу кезеңінде зейнетақы жинағын толықтыра алады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды