Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған әйелдер ұсталды

Азиз Қалижан Редактор
06.09.2025, 12:51
5638
Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған әйелдер ұсталды бейнежазбадан

Екі әйел жасөспірімнің денесін темекімен күйдіріп, басын өзенге тұншықтырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында қызғаныштың кесірінен 16 жастағы жасөспірімге азап көрсеткен әйелдер қамауға алынды.

Оқиға әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары жәбір көрген қызды қорғауды талап етіп, күдіктілерге қатаң жаза беруді сұрап жатыр.

Жасөспірімнің анасының айтуынша, оқиға қызының бір ер адаммен университетке түсу мәселесін талқылаған қоңырауынан кейін басталған. Осыдан соң өзін сол ер адамның қалыңдығы деп таныстырған бейтаныс әйел қызға хабарласып, байланысын үзуді талап еткен.

Келесі күні әйел құрбысымен бірге қызды алдап көлікке отырғызып, оған күш көрсеткен. Олар жасөспірімнің телефонын тартып алып, ұрып-соғып, денесіне темекі басқан. Кейін өзенге апарып, суға тұншықтырып, қорлаған. Барлық әрекеттердің видеосы түсірілген.

Баланың анасы болған жағдайды полицияға жеткізді. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның мәліметінше, материалдар құқық қорғау органдарына беріліп, күдіктілер ұсталған.

Қазір іс тергеліп жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды