SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттегі Арбатта орналасқан инновациялық қоғамдық әжетхананы әйел адам бүлдірмек болған сәт видеоға түсіп қалды. Кадрларды журналист Михаил Козачков жариялады.
Бейнежазбада әйел әуелі есікті тепкені, кейін жасанды гүл тұрған кадканы сыртқа лақтырғаны көрінеді. Оқиғаға куә болған тұрғындар бастапқыда аңтарылып қарағанымен, артынша араласып, оның әрекетін тоқтатты. Кейін әйел оқиға орнындағыларға эмоциясын ашық білдірген.
Otyrar.kz-ке берген түсініктемесінде қалалық полиция департаменті әйелдің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
«Аталған азаматша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заң талаптары түсіндірілді. Алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ескертілді», – делінген ресми хабарламада.
RUS