7168

Желіде танылған отбасы қара жамылды

Белгілі қазақстандық блогер отбасындағы қаза туралы хабарлады.

Желіде танылған отбасы қара жамылды
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал қазақстандық блогер Нұргелді Кердеш, желіде Dragon деген атпен танымал, анасының дүниеден озғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазба жариялады.

«Бүгін біз тек Анамызды ғана емес… өзіміздің бір бөлшегімізді де жоғалттық. Сен ең керемет Ана едің. Әрқашан біздің жүрегіміз бен естеліктерімізде қаласың», — деп жазды блогер.

Оның жазбасына мыңдаған қазақстандықтар көңіл айтып, қолдау білдірді:

«Шын жүректен көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болсын», «Алла сабыр берсін. Біз сізбен біргеміз», «Жақсы адамдардың орнын ешкім баса алмайды».

 

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор