SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева Талғарда болған қайғылы жағдайға байланысты өз пікірін білдірді.
Еске сала кетейік, Талғарда ер адамды атып өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен қылмыскер ұсталды. Бүлдіршін аман табылып, қылмысқа пайдаланған қару тәркіленді. Қазір күдікті қамауда.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында полицияның әрекетіне ашу білдірді:
«Бұл не деген сұмдық?! Қолына ұстатып берген қылмыскерді босатып жіберген. Адам өліп, сәби бопсалауға түскен соң ғана қимылдап жатыр. Бәрі біткенде топырлап жүргендері жанымды ауыртады. Неткен дәрменсіздік?!» – деп жазды ол.
Оқиғаға қатысты заңгер Гаухар Сарыева да пікір білдірді. Оның айтуынша, бүлдіршінге ота жасалып, тіліне сегіз тігіс салынған.
«Операция сәтті өтті. Күдікті қызды көлікке отырғызып, жардан құлап кеткен. Бірақ оған қол көтермепті. Көрер жарығы бар екен», – деді адвокат.
Белгілі болғандай, қыздың анасы мейіргер болып жұмыс істейді. Оқиға кезінде ол көршісінің үйінде онкологиялық науқасқа дәрі егіп жүрген.
«Қылмыскер әйел мен баланы алып кетпек болған сияқты. Егер ол сол сәтте үйде болғанда жағдайдың қалай өрбитінін ойлаудың өзі қорқынышты», – деп жазды Сарыева.
-
«Меруерт Түсіпбаева Талғардағы оқиғаға байланысты полицияны сынға алды»
-
«Талғардағы қанды оқиға: әнші полиция әрекетіне ашынды»
RUS