Apple жаңа iPhone 17 сериясын таныстырды

10.09.2025, 11:15
599
Apple жаңа iPhone 17 сериясын таныстырды Apple.com

Көпшілік асыға күткен iPhone 17 жарыққа шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Apple корпорациясы көптен күткен iPhone 17 сериясын ресми түрде ұсынды. Жаңа модельдер 19 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.

Ең үлкен жаңалық — iPhone 17 Air. Бұл соңғы бірнеше жылда шыққан компанияның мүлде жаңа үлгісі. Смартфон небәрі 5,6 мм қалыңдыққа ие және Apple-дің айтуынша, ең берік әрі ең жұқа iPhone болып саналады.

Air нұсқасы 6,5 дюймдік, 120 Гц жиіліктегі дисплеймен, 3000 нитке дейінгі жарықтылығымен және жаңа A19 Pro чипімен жабдықталған. Аккумуляторы бір күнге жетеді, ал MagSafe-пауэрбанкте 40 сағатқа дейін видео көруге мүмкіндік береді.

Базалық iPhone 17 енді үлкейген — дисплей көлемі 6,1 дюймнен 6,3 дюймге дейін артқан, әрі 120 Гц жаңарту жиілігі қосылған. Камерасы да жақсарған: негізгі және ультракең модульдердің екеуі де 48 Мп.

Компания сондай-ақ iPhone 17 Pro және Pro Max үлгілерін де көрсетті. Экрандары бұрынғыдай 6,3 және 6,9 дюйм. Корпустары алюминий мен титаннан жасалған, артқы жағында сымсыз қуаттауға арналған әйнек платформасы бар. Apple-дің мәліметінше, Pro-нұсқалардың батареясы компания тарихындағы ең қуаттысы: 39 сағат бойы видео көруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, презентацияда AirPods Pro 3 және жаңа Apple Watch нұсқалары да таныстырылды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды