SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртастың ұлы Хан темір тұлпардың иесі атанды. Бұл жаңалықты өнерпаздың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Instagram-парақшасында бөлісті.
«Ханды құттықтасаңыздар болады. Енді машиналы болды. Әкесі де, шешесі де жұмыстан қолы тимейді. Оны жеке жүргізуші таситын болады», – деп жазды Айдарбекова.
Жас жүргізушіні әншінің көмекшісі де құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Құтты болсын! Көлігің берекелі болсын! Әкеңе есік ашып жүретін азамат бол!», – деді ол.
Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың қызы Сезім шетелге оқуға кеткен болатын. Әншінің жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова қызының Англияда білім алуын үлкен қуанышпен бөліскен еді.