Желіде жарнамалағанмен, рұқсатсыз ұшып жүр: Қазақстанда жеті ұшақ уақытша тоқтатылды

10.09.2025, 14:17
353
Желіде жарнамалағанмен, рұқсатсыз ұшып жүр: Қазақстанда жеті ұшақ уақытша тоқтатылды @Burkit001 Telegram-арнасы

Соңғы уақытта шағын ұшақтар апатқа жиі ұшырап жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Авиациялық әкімшілік 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында 31 жеңіл ұшақты тексеріп шыққан. Нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталып, жеті әуе кемесінің пайдаланылуы уақытша тоқтатылды.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, соңғы кезде әлеуметтік желілерде жеке меншік ұшақтармен экскурсиялық рейстер жарнамаланып жүр. Алайда заң бойынша шағын авиация иелеріне ақылы қызмет көрсетуге немесе тапсырыс бойынша ұшуға рұқсат жоқ. Мұндай әрекет үшін жауапкершілік қарастырылған.

Биыл шағын әуе апаттары жиілеген. 22 маусымда Астана маңында оқу-жаттығу рейсін орындап жатқан TL-2000 маркалы жеңіл ұшақ құлап, екі адам көз жұмды. 17 тамызда Ақмола облысында Aerostar R40F9 ұшағы құлап, тағы екі адам қаза тапты. Марқұмдардың бірі туған күнін атап өтпек болған 43 жастағы Диана Ахметова еді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады