579

Берденов ісінде тілін шығарған судьяға қатысты іс Жоғарғы сот кеңесіне жіберілді

Судья Әбінұр Қарабаевқа байланысты шешім шықты.

Берденов ісінде тілін шығарған судьяға қатысты іс Жоғарғы сот кеңесіне жіберілді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісін қараған кезде оғаш қылық көрсеткен судья Әбінұр Қарабаевқа байланысты шешім шықты.

Қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, судьялық әдеп жөніндегі комиссия Қарабаевтың ісін қарастырып, материалдарды Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жолдаған.

«Комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриінде мәні бойынша қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Судья Қарабаев оны даулауға құқылы», – делінген хабарламада.

Материал авторы