«Форма қайда?»: Хиджабтағы оқушыларға ескерту жасаған мұғалімнің видеосы талқылануда
Хиджабқа қараудың өзі жиіркенішті дейді ашулы мұғалім.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Қазақстан мектебінде түсірілген делінген видео қызу талқылануда. Онда мұғалім сегіз оқушыны тақта алдына шығарып, хиджаб кигені үшін ескерту жасағаны көрінеді.
«Сабақ кезінде мектеп формасын кию керек деп айтылды. Қараудың өзі жиіркенішті, кешіріңдер әрине. Маған сыйластық танытсаңдар, мен де жауап беремін», – дейді ұстаз кадр сыртында.
Видео тез тарап, мұғалімнің сөздері мен сөйлеу мәнеріне қатысты сын көбейді.
Оқу-ағарту министрлігі бұл жағдай Қазақстанның мектептері мен білім беру жүйесіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен бірге ведомство қолданыстағы заңнамада міндетті мектеп формасы нақты бекітілгенін еске салды.
Ережеге сәйкес, мектеп формасы классикалық үлгіде, сабырлы түстерде болуы тиіс. Дінге қатысты киім элементтерін қосуға тыйым салынған. Сондай-ақ ата-аналар да осы талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Материал авторы