302

ШҚО тұрғыны итін көлікке байлап сүйреген

Ер адам әрекеті үшін айыппұл төледі.

ШҚО тұрғыны итін көлікке байлап сүйреген
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында ер адам итін көлікке байлап сүйрегені үшін жауапқа тартылды.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Кадрда жануардың көлікке байлаулы жүргені көрінеді.

Полицейлер иттің иесін тапты. Ер адамның айтуынша, ит кеткісі келмей, қарсылық танытқан соң, оны көліктің дөңгелегіне байлап әкетпек болған.

Құқық қорғаушылар жануардың жағдайын тексерді – иттің аман екені хабарланды. Ал қожайынына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (78 640 теңге) айыппұл салынды.

Материал авторы