SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында бір жарым жастағы бала қолын электрлі еттартқышқа салып алып, ауыр жарақат алды.
Құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен құрылғыны кесіп, баланың қолын босатқанымен, дәрігерлер оны сақтап қала алмады.
«Қол төменгі білекке дейін жұлынған, барлық сүйек-бұлшықеттері үгітіліп кеткен. Ампутация жасауға тура келді», – деді травматолог Ержан Шарипов.
Қазіргі таңда бала есін біледі, ата-анасының қасында. Дәрігерлер жағдайын «ауыр, бірақ тұрақты» деп бағалап отыр.
RUS