1855

Ақтөбеде белгілі дәрігерді өлтіріп, денесін тоңазытқышқа салған

Ақтөбеде белгілі дәрігерді әріптесі өлтіріп тастаған.

Ақтөбеде белгілі дәрігерді өлтіріп, денесін тоңазытқышқа салған
әлеуметтік желіден / Orda.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде 69 жастағы дәрігер-нефролог Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты сот қарала бастады. Оның 31 жастағы әріптесі — мейіргер жігіт қылмысын мойындады.

Тергеу дерегінше, айыпталушы қылмысты алдын ала жоспарлаған: дәрігердің телефонына банк қосымшасын орнатып, құпиясөзін жаттап алған. 25 мамырға қараған түні ол Айсағалиевтің үйіне кіріп, пышақ және балтамен соққы жасаған. Кейін денесін тоңазытқышқа жасырған. Одан соң мәйітті басқа жерге әкетіп, банкоматтардан 7 миллион теңгеден астам қаржыны шешіп алған.

Күдікті өкініш білдіріп, істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұрады. Негізгі сот процесі 25 қыркүйекте басталады.

Абай Айсағалиев — Ақтөбеде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен белгілі нефролог, әріптестері мен науқастар арасында зор құрметке ие болған.

Материал авторы