SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Сырым Исабаев кезінде бірге сахнаға шыққан Қайрат Нұртас туралы сыр бөлісті. Өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында шығармашылық жолындағы қиындықтарды ашық айтты.
«Бастапқыда мақсатымыз бір болды – халықты қуанту, өнерімізді таныту. Қайратқа ұнаған ән маған да ұнайтын, ал мен таңдаған әнді ол да қабылдайтын. Бірақ уақыт өте әркімнің ойы әртүрлі бола бастады. Соңында ұрсысып кетпеу үшін әркім өз жолын таңдады. Мұнда біреуді кінәлаудың қажеті жоқ. Бәрін ұйымдастырған – Гүлзира әпкеміз. Ол не десе де, біз соған бағынып жүрдік», – деді Исабаев.
Әнші сонымен бірге қос тараптың бөлінуіне ән таңдау мәселесі әсер еткенін жасырмады.
«Махаббат тақырыбынан бөлек, ата-анаға, табиғатқа, достыққа арналған әндер жетіспеді. Біз бірге айтуға ниетті болдық, бірақ жаңа ән табылмай қалды. Ескі шығармаларды қайталай бергіміз келмеді. Сол себепті бөлінуге тура келді», – деді ол.
RUS