Таразда ер адам өз анасын зорлаған
Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт қамауға алынды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған оқиғаны растады.
Telegram-арналарда жарияланған дерекке сәйкес, Тараздың 41 жастағы тұрғыны полицияға арыз жазып, ұлын зорлық жасады деп айыптаған.
Бұл факті бойынша Тараз қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі («Зорлау») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 22 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – делінген Жамбыл облысы ПД хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеудің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Материал авторы