1020

Мешіттегі қызды айыптаған Рүстем Жүгінісовтің ісі сотта қаралды

Мешітке әйелдердің жалғыз бармауы тиіс деген әнші жауап бермек.

Мешіттегі қызды айыптаған Рүстем Жүгінісовтің ісі сотта қаралды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта әнші Рүстем Жүгінісовтің ісі қаралды.

Сот құжаттарына сәйкес, ол Әкімшілік кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылуда. Бұл бап ақпарат құралдары арқылы араздықты қоздыруға, экстремизмді насихаттауға немесе мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін материалдарды таратуға қатысты. Аталған әрекет үшін жеке тұлғаларға 20 АЕК (шамамен 78,6 мың теңге) айыппұл қарастырылған.

Әншінің қандай сөздері нақты осы іске негіз болғаны белгісіз. Дегенмен, бұл жағдай оның Ақтөбе мешітінде болған оқиғаға қатысты айтқан мәлімдемесімен байланысты болуы мүмкін.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде бір қызға «бір реттік неке» ұсынған белгісіз ер адам жайлы видео тараған еді. Сол кезде Жүгінісов қызды кінәлап, «әйелдер мұндай жағдайларға себеп болмауы керек» деп пікір білдірген болатын. Ол мешітке әйелдердің жалғыз бармауы тиіс екенін де айтқан.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор