Лондонда қазақстандық электрондық оқулықтардың TopIQ платформасы таныстырылды

02.04.2023, 16:55
583
Лондонда қазақстандық электрондық оқулықтардың TopIQ платформасы таныстырылды inform.kz

Электрондық оқулықтардың TopIQ қазақстандық платформасы бүкіләлемдік байқауда үздік деп танылып, екінші орынды иеленген болатын. Стартап жоба мектепке ауыр сөмке тасымай, кітапта бар бүкіл ақпаратты онлайн көруге көмектеседі. Идея авторлары Лондонда өткен Білім беру технологияларының халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысып, тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Bett Show – 35 мыңнан астам оқытушы мен білім саласының мамандарын біріктіретін дүниежүзілік көрме. Жиналғандар жаңа технологиялармен және инновациялармен танысып, өзекті мәселелердің шешімін іздейді. Шарада алғашқы қазақстандық платформа TopIQ электрондық оқулығының тұсауы кесілді;

«Халықаралық аренаға отандық өнімімізбен шыққанымызға қуаныштымыз. Бұдан да жоғары белестерді бағындырып, Қазақстанды жақсы қырынан таныта береміз деген үміттеміз», дейді стартап жобаны шығарған «Алматыкітап баспасының» өкілі Анеля Баталова.

TopIQ электронды оқулықтары Қазақстанда тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Әсіресе, пандемия кезінде. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар платформаны қолдану өте қолайлы деп тапты. Отандық стартап жобаны шетелдік сарапшылар да құптап отыр.

«Ұсынған өнімдеріне қарап, жетістікке жетуге толық мүмкіндіктері бар дер едім», дейді израильдік IT сарапшы Ами Моял.

«Меніңше, жоба cөзсіз табысты болады. Өйткені ол заман талабына жауап береді», дейді польшалық IT сарапшы Мироцлав Сиздын.

Баспа өкілдерін Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Мағжан Ілиясов қабылдап, әлемдік нарыққа бағыт алған жобаға сәттілік тіледі. Қонақтар елшілік кітапханасына жаңадан шыққан төл өнімін тарту етті.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады