Түркияда 16 жасқа дейінгілерге әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынды

16.09.2025, 10:10
360
Түркияда 16 жасқа дейінгілерге әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынды shutterstock

Бұл балаларды қорғау үшін аса қажетті қадам дейді билік.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияда кәмелетке толмағандарды қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер топтамасы дайындалды. Жаңа құжатта 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салынады.

Ұсынылған топтама 17 баптан тұрады және екі негізгі бағытты қамтиды:

«Балалар қылмысымен күресу процедуралары» және «Балаларды цифрлық тәуекелдерден қорғау ережелері».

Жаңа ережелерге сәйкес, әлеуметтік желі операторлары 15 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетпейді. Осылайша, халықаралық деңгейде кеңінен қолданылатын платформаларды 16 жасқа толмағандар пайдалана алмайды.

Құжаттың екінші бөлігі жасөспірімдер арасындағы қылмыстық жауапкершілікке қатысты. Қолданыстағы заңнамада 15–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге жеңілдетілген жаза қарастырылған болса, енді ауыр қылмыстар жасағандарға қатаң шара қолданылады. Мәселен, бұған дейін ауырлатылған өмір бойына бас бостандығынан айырудың орнына 24 жыл тағайындалса, жаңа ереже бойынша бұл мерзім 27 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Ал өмір бойына бас бостандығынан айырудың орнына берілетін 15 жылдық мерзім 18 жылға дейін арттырылады.

Сонымен қатар, егер жасөспірімнің қылмысы әдейі жасалғаны дәлелденсе немесе ауыр зардаптарға соқтырса, соттың жазаны жеңілдетпеуге құқығы бар.

Айта кетейік, жуырда Түркия Парламентінің спикері жаңа Конституция қабылдау қажеттігін мәлімдеген еді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды