«Әкімдік әуежай жерін сатқан»: Атырау әуежайының қасында үш қабатты үй салынып жатыр

16.09.2025, 17:51
471
«Әкімдік әуежай жерін сатқан»: Атырау әуежайының қасында үш қабатты үй салынып жатыр azh.kz

Әуе жолақтары орналасуы тиіс жерге үй салынып жатқан көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласында әуежайға тиесілі әуе жолақтары орналасуы тиіс аумақта тұрғын үй құрылысы басталып кетті. Үш қабатты үйдің іргетасы құйылып қойған, бірақ құрылыс заңды құжаттарсыз жүріп жатыр. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды.

Самал шағынауданында, әуежайдан бірнеше жүз метр қашықтықта орналасқан 4 гектар жер телімі «Orda Building 2025» ЖШС-не берілген. Алайда компанияда тек архитектуралық-жоспарлау тапсырмасы бар, ал эскиздік жоба да, толық рұқсат құжаттары да бекітілмеген. Соған қарамастан, құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

Компания биыл, 2025 жылғы сәуірде тіркелген. Басшысы – Мырзагелді Мөлдір Рысқалиқызы. Негізгі қызмет бағыты – құрылыс-монтаж жұмыстары. Бұған дейін фирма Самалдағы кәріз жүйелерін салу кезінде құрылыс нормаларын өрескел бұзғаны үшін айыппұл төлеген.

Әуе айлақтары мен жерүсті қызметтері департаменті бұл жағдайға байланысты түсініктеме беріп, бекітілген жобасыз және рұқсат құжаттарсыз құрылыс жүргізуге болмайтынын атап өтті. Бірақ құрылыс компаниясы бұл талаптарды айналып өткен.

Ал қала әкімдігі өз кезегінде жер беру кезінде азаматтық авиация комитетімен келісу «оның міндетіне кірмейді» деп мәлімдеп, жауапкершіліктен қашқан. Дегенмен, әуежай маңындағы құрылысқа шектеулер көрсетілген ресми сызбалар әкімдікте бар екені белгілі.

Айта кетейік, бұл алғашқы жағдай емес. 2011–2012 жылдары да әкімдік авиациялық органдармен келісімсіз ондаған жер телімін жеке тұрғын үй құрылысына берген. Нәтижесінде бүгінгі Нұрсая мен Самал шағынаудандары пайда болған.

Қазір оқиға тағы қайталанып отыр: Енді салынып жатқан жаңа ғимараттың терезесінен ұшқыштар кабинасындағы әрекетті көруге және қонғалы жатқан әуе кемелерінің бортындағы жазуды оқуға болады. Ал әуе апаты бола қалса, салдары қандай боларын елестетудің өзі қиын.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды