Ақтөбеде танымал рэпер Қаракесекті сахнаға шығармай қойды

Азиз Қалижан Редактор
16.09.2025, 18:55
465
Ақтөбеде танымал рэпер Қаракесекті сахнаға шығармай қойды әлеуметтік желіден

Жақында өнерпаз есірткімен ұсталғаны айтылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде өткен музыкалық фестивальде күтпеген жағдай орын алды. Танымал рэпер, Qarakesek лақап атымен белгілі Омар Амантаев сахнаға шыға алмады.

Куәгерлердің айтуынша, ұйымдастырушылар әншіні кешігіп келгені үшін концерт бағдарламасына енгізбей қойған. Ерекше жайт — Амантаев кештегі жалғыз жергілікті өнерпаз болған.

«Қаракесек Ақылбекті қолдау үшін тегін өнер көрсетпек болған. Бірақ сахнаға шықпады. Бұл ақтөбеліктер үшін өкінішті жағдай болды», – делінген aktobe_zello паблигінде.

Желіде қызу талқылау басталып кетті. Бір топ көрермен ұйымдастырушыларды қатты сынға алды.

«Ұят болды, жергілікті әртісті шығармады. Өз қаласының өнерпазына құрмет көрсетпеу – масқара», – деп жазды бір қолданушы.

«Қаракесек – халықтың сүйікті әншісі, жұрт соны күтіп барған еді. Артынан осылай істегендері обал», – деді тағы бірі.

Алайда, қарсы пікір айтқандар да табылды.

«Афишада аты мүлде көрсетілмеген. Уақыт тәртібі бар, егер кешіксе – бұл қалыпты жағдай», – деп жазды кей тыңдарман. «Фестивальде бәрі минутпен есептеледі. Біреу кешіксе, қалған өнерпаздарға әділетсіздік болар еді», – деген пікір де айтылды.

Көпшілік арасында «ұйымдастырушылар жергілікті өнер иелерін қолдауы керек еді» деген көзқарас басым болып тұр. Кейбір тұрғындар Қаракесекке арнайы сахналық кеш ұйымдастыруды ұсынып жатыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады