SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер Гүлзира Айдарбекова пластикалық отаға қатысты пікір білдіріп, бет-әлпетіне ешқандай өзгеріс жасамағанын айтты.
Әлеуметтік желі қолданушылары өнер иесінің түріне қарап, «бет тарттырды», «ботокс салдырды» деген пікірлерін жаудырған. «Күлгенде мұрнының үсті жиырылып тұр», «әншілердің көбі беттерін өзгертеді» деп жазғандар да болды.
Алайда Гүлзира Үсенқызы мұндай әңгімелерді жоққа шығарды:
«Қатты қателестіңдер, тарттырсам қыртыс болмайтын еді. Әжім жетеді, тартпақ түгілі ботокс салдырмаймын. Сенесің бе, жоқ па — өз еркің. Маған бәрібір. Не деп жатқанын бәрі жаза береді, бірақ шындық осы», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін продюсер шампунь сатамын деп сынға ұшыраған болатын. Желі қолданушылары ұтыс ойыны мен тауардың дер кезінде жеткізілмегеніне наразы болған еді.
RUS