Отардағы әскери бөлімде 19 жастағы сарбаз көз жұмды
19 жастағы сарбаздың суицид жасағанына жақындары сенбейді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысындағы Отар гарнизонында келісімшартсыз әскери қызмет атқарып жүрген 19 жастағы сарбаз Шынарбек Дінмұхамед қайтыс болды.
Ол әскерге өзінің егіз ағасымен бірге шақырылған, алайда кейін екеуін бөлек-бөлек бөлімдерге жіберген. Дінмұхамед №01098 әскери бөліміне (Матыбұлақ, Отар) ауыстырылған.
Әскери қызметшінің туыстарына 18 қыркүйекте оның суицид жасағаны туралы хабарланған. Бірақ марқұмның отбасы бұл нұсқаға сенбей, шындық пен әділдікті талап етуде.
Оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әлі ресми мәлімдеме жасамады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші