523

Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

Алматыдағы ең ірі базардың бірі аукционға шығарылды.

Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ
Sputnik / Болат Шайхинов, Яндекс

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы ең ірі сауда орындарының бірі – «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы аукционға шығарылды. Бұрын бұл актив елдің экс-президентінің жиені Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының дерегінше, электронды сауда алаңы E-Qazyna арқылы өтетін аукцион 18 қараша 2025 жылы ұйымдастырылады.

Сауда 28,6 миллиард теңгеден басталады. Сауда-саттық ашық форматта өтеді, яғни порталға тіркелген кез келген азамат қатыса алады. Шарт бойынша, сатылымнан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, әлеуметтік жобаларға жұмсалады.

Бұған дейін де Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген активтер мен әшекейлер сатылымға қойылған еді. 2024 жылы Бас прокуратураның мәліметінше, ол мемлекетке жалпы құны 783 миллиард теңге болатын жылжымайтын мүлік, бизнес-орталықтар, элиталы көліктер, сағаттар мен сирек кездесетін монеталарды қайтарған.

Материал авторы