SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада белгілі кондитер Нұршат Ақбергенова мен куракшы-блогер Аселина Батыр арасындағы даудың нүктесін сот қоюы тиіс. Төрт қабатты, курак көрпеге ұқсатып жасалған торттың құны 600 мың теңге деп көрсетілген, алайда ол ақшасы төленбей қалған.
Алдын ала тыңдауда кондитердің өтінішімен іс 30 қыркүйекке шегерілді.
Бұл жанжал тамыз айында басталған еді. Нұршат Ақбергенова Threads желісінде Аселина Батыр мерекелік тапсырыстың ақысын төлемей қойғанын жазып, жазба бірден әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
Құрақшы өз кезегінде торттың бағасы алдын ала ескертілмегенін айтып, оның шынайы құны 250–300 мың теңге болуы керек деген пікірін білдірді. Ал кондитер «нақты бағасы 800 мың теңге еді, тек жеңілдік жасадым» деп отыр.
Әлеуметтік желідегі дау бірте-бірте халықаралық деңгейге тарап, түрлі елдің қолданушылары Қазақстан туралы алғаш рет осы «тәтті жанжал» арқылы білгенін жазып, тіпті мемдер де жасалған.
RUS