1500

Мадина Сәдуақасованың үстіне концерт кезінде 5 тонналық кран құлады (ВИДЕО)

Әнші жарақат алса да, әнін тоқтатпаған.

Мадина Сәдуақасованың үстіне концерт кезінде 5 тонналық кран құлады (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мадина Сәдуақасова кезекті концертінде күтпеген жағдайға тап болды. Ән орындап тұрған сәтте операторлық кран оның басына соғылып кетті.

Көрермендер соққы дыбысын естігенімен, әнде ешқандай іркіліс байқалмады. Сәдуақасованың дауысы бұрынғыдай анық әрі таза естіліп тұрды. Оқиғаға қарамастан, ол бірден өз-өзін ұстап, камераға бұрылып, жымиып, әнін жалғастыра берді.

Залдағы жұрт өнерпаздың кәсіби білігіне тәнті болып, оны ұзақ қол шапалақтап қолдады. Әншінің табандылығы мен сахна мәдениеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор