620

«Қайраттың» Португалиядағы сәтсіздігі: Үш ойыншы сынға ілікті

Үш ойыншының өрескел қателіктерінің кесірінен «Қайрат» жеңіліске ұшыраған.

«Қайраттың» Португалиядағы сәтсіздігі: Үш ойыншы сынға ілікті
instagram.com/f.c.kairat

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойында Лиссабонның «Спортингіне» 1:4 есебімен есе жіберді. Ресейлік euro-football.ru порталы матчтағы ең әлсіз үш ойыншыны атады.

Басылымның жазуынша, «Спортинг» қарсыласын алаңда толық басымдықпен жеңді. Егер қақпа бағаны мен қақпашының бірнеше сейві болмағанда, есеп екі таңбалы болуы мүмкін еді.

Ең әлсіз үш ойыншы:

Егор Сорокин — 3,0 балл. Қорғаныста жиі қателік жіберіп, Луис Суарес пен Тринканға бірнеше рет мүмкіндік беріп қойды. Қарсыластар оның қапталынан бес қауіпті соққы жасады.

Валерий Громыко — 3,0 балл. Белсенді болғанымен, тиімділік аз. Қарсыласпен 19 рет допқа таласып, небәрі 4 рет қана жеңді. Көп қателесіп, допты жиі жоғалтты.

Александр Мрынский — 3,0 балл. Шабуылда да, қорғаныста да көзге түсе алмады. Айып алаңы жанында доптан айырылып, Луис Суареске қарсы өрескел ойынымен пенальтиге себепкер болды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл үш футболшының ойыны «Қайраттың» ірі жеңілісіне тікелей әсер етті.

Материал авторы