654

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

Шерхан Қалмырза әлем футболының аңыздарымен қатар тұр.

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты
instagram.com/f.c.kairat

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматылық «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Лиссабонда өткен «Спортингке» қарсы ойында (1:4) тарихи жетістікке қол жеткізді.

18 жастағы қақпашы матч барысында пенальти соққысын қайтара отырып, Чемпиондар лигасы тарихына енді. Ол турнир жылнамасында 18 жасқа толмай тұрып 11 метрлік соққыны сейв жасаған ең жас голкипер атанды.

Бұдан бөлек, Қалмырза Лигадағы ең жас қақпашылардың үздік үштігіне кірді. Әдетте бұл тізімде әлем футболының аңызға айналған есімдері тұрса, енді сол қатарға қазақ футболының жас өкілі қосылып отыр.

Чемпиондар лигасындағы ең жас қақпашылар тізімі:

Маартен Вандевордт — 17 жас, 287 күн

Миле Свилар — 18 жас, 52 күн

Шерхан Қалмырза — 18 жас, 96 күн

Икер Касильяс — 18 жас, 118 күн

Николай Михайлов — 18 жас, 125 күн

Шерхан Қалмырзаның бұл көрсеткіші қазақстандық футбол тарихындағы айтулы сәттердің біріне айналды. 

Материал авторы