SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында шығармашылықтағы қадамдары, отбасындағы жағдай және кино түсіру жобасы туралы ашық әңгімеледі.
Соңғы уақытта хит әндерімен танылып жүрген өнер иесі тыңдармандарының көңілінен шығып жүр. Айтуынша, бұрын бар уақытын күйеуі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылығына арнағанымен, қазір жеке дамуына көбірек көңіл бөліп келеді.
Мұқанова өнерге бет бұру жолында жолдасынан қолдау таппағанын да жасырмады:
«Ән айта бастасам, Тұрсынбек «сенің дауысың жоқ» деп тоқтататын. Телеарнаға жүргізуші болғым келгенде де көмектеспеді. «Қолыңнан келмейді» деп ашық айтатын. Солай өзімді басып тастадым», – деді ол көзіне жас алып.
Соңғы кездері Қабатовқа қатысты түрлі қауесет тарап жүргеніне қарамастан, Мөлдір жұбайы туралы жылы пікір білдірді:
«Жеке өмір туралы көп айтпаймын. Туыстарыма да «егер Тұрсынбек туралы өсек естіп жатсаңыздар, оны жек көріп кетпеңіздер» деп айтамын. Ол ешкімді ренжітпейтін жақсы адам. Концерттеріне барып, әзілдерін тамашалаңыздар», – деді әнші.
Қараша айында Мөлдір Мұқанова «Шай большом городе» атты алғашқы кинотуындысын көпшілікке ұсынбақ. Әншінің айтуынша, жаңа фильмде көпшілік қызығып жүрген сауалдарға жауап болады.
RUS