SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 қыркүйек күні Шымкентте мешіттің шатыры отқа оранды. Оқиға Саттарханов көшесінде болғанын ТЖМ хабарлады.
Министрлік дерегінше, өрт ғимараттың шатыр бөлігінен шыққан. Қалалық төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, шатырдың ағаш конструкциясын ашып, жалынды сөндірген.
«Өрт толықтай өшірілді, зардап шеккендер жоқ», — делінген ресми хабарламада.
Бейресми ақпаратқа қарағанда, бұл жерде 2012 жылы салынған «Абу Райхан Беруни» мешіті орналасқан.
RUS