423

ШҚО тұрғыны емшілердің уколынан кейін сал болып қалды

Емшісымақтар ер адамның омыртқасына 20 күн бойы укол салған.

ШҚО тұрғыны емшілердің уколынан кейін сал болып қалды
Freepik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында 65 жастағы ер адам дәстүрлі емес емшілерге жүгінгеннен кейін ауыр халде ауруханаға түсті. Бұл туралы YK-news порталы жазды.

Дәрігерлердің айтуынша, науқаста терең естен тану белгілері, қатты қозу және менингитке күдік болған.

«Анықталғандай, ол шамамен 20 күн бойы өзін «емдейтіндерге» барып, омыртқасына укол салдырған», — деді мамандар.

Көпсатылы тексеру нәтижесінде оған «омыртқа остеомиелиті, ауыр екінші реттік менингит және қосалқы ауыр аурулар» деген диагноз қойылды.

Мамандардың жедел терапиясы арқасында ер адам есін жиып, сөйлесе бастады. Алайда дер кезінде дәрігерге жүгінбеу салдарынан оның аяқтары сал болып, жамбас астауының қызметі бұзылған.

Материал авторы