1746

«Небәрі 10 жасында»: Павлодарда ағасы мен қарындасын жылдар бойы зорлаған екі педофил сотталды

Екі ер адам ағалы-қарындасты зорлап келген.

«Небәрі 10 жасында»: Павлодарда ағасы мен қарындасын жылдар бойы зорлаған екі педофил сотталды
the-village-kz.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысының Майқайың ауылында кәмелетке толмаған ағасы мен қарындасына зорлық көрсеткен екі ер адамға үкім шықты.

Сот дерегінше, қыз бала алғаш рет небәрі 10 жасында зорланған. Кейінгі тергеу барысында оның ағасы да күдіктілердің жыныстық зорлығына ұшырағаны анықталды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты іс болғандықтан, сот процесі жабық өтті. Дегенмен журналистерге үкімнің қорытынды бөлігі жарияланды.

2001 және 2002 жылы туған ауыл тұрғындары бірнеше ауыр бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен олардың бірі 22 жылға, екіншісі 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің әрқайсына 2 миллион теңгеден моральдық өтемақы төленеді.

«Сот материалдары толық зерттелді. Айыпталушылардың кінәсі еш күмәнсіз дәлелденді. Экспертиза қорытындылары да мұны растады. Белгіленген жаза заң талаптарына толық сәйкес келеді», – деді судья Құдабай Сұлтанов.

Оқиға алғаш рет бір жыл бұрын белгілі болған еді. Балаларға психологтар көмектесіп, отбасы басқа жерге көшірілген.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор