Ресей Қазақстанға 15 млн доллар жымқырды деген күдіктіні жіберді

22.09.2025, 14:34
521
Ресей Қазақстанға 15 млн доллар жымқырды деген күдіктіні жіберді Depositphotos

«Самұрық-Энерго» тиесілі компания басшысы 8,5 млрд теңге жымқырып, Ресейге кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Қазақстанға Ақмола облысындағы жел электр станциясының құрылысына бөлінген қаражатты ұрлады деп айыпталған компания басшысын берді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі жеткізді.

Тергеу дерегінше, 2020–2022 жылдары күдікті бірнеше серіктесімен бірге жалған келісімшарттар жасап, ақшаны аффилиирленген фирмалар арқылы айналдырып, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорнына тиесілі 8,5 млрд теңгеден астам қаржыны (шамамен 15,7 млн доллар) иемденген.

«Самұрық-Энерго» – елдегі ең ірі энергетикалық холдинг. Ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіреді.

Қылмыс ашылғаннан кейін күдікті шетелге қашып кеткен. 2025 жылдың ақпанында ол Ресейде ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша экстрадицияланды.

Қазір айыпталушы уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмысы дәлелденсе, оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды