473

Өскеменде жоғалған 9 жасар бала көршінің тауық қорасынан табылды

Баланы анасы мен полиция қосылып іздеген.

Өскеменде жоғалған 9 жасар бала көршінің тауық қорасынан табылды
ПД ШҚО

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде үйінен шығып кеткен 9 жасар ұлды полицейлер жарты сағат ішінде тауып алды. Ол көршінің ауласындағы тауық қорасында отырған жерінен табылған. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Анасының айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар бала белгісіз бағытта кетіп қалған. Бұл жайт жағдайды одан әрі алаңдата түскен.

Іздеуге бірден барлық полиция күштері жұмылдырылды: патрульдік жасақтар, жаяу нарядтар және қызметтік итпен бірге кинолог шықты.

Бейнебақылау камералары арқылы баланың көрші көшеге бет алғаны анықталған. Жарты сағаттан соң кинолог Ерназ Назыроллаев қызметтік иттің көмегімен баланы тауық қорасынан тапты.

«Бала аман-есен, денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ол ата-анасына табысталды», – деді полицияда.

Материал авторы