749

Танымал актердің отбасы қара жамылды

Белгілі өнер иесі қаралы хабарды желіде жеткізді.

Танымал актердің отбасы қара жамылды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әзілкеш, танымал жобалардың жүргізушісі әрі әртіс Нұрсұлтан Жақсыген әлеуметтік желіде жақын адамының қазасы туралы қайғылы хабар жеткізді.

Өнер иесі апасының өмірден өткенін хабарлап, оған жүрекжарды сөз арнады:

«Аллаға қайтушымыз бәріміз... Тілегі жүрегінде, дұғасы көңілінде, ғибратқа толы апамыздан айырылып қалдық. Алла рақымына бөлесін, апау... Жаныңыз жәннатта болсын!» – деп жазды ол.

Әртістің парақшасында жарияланған видеода марқұм апасы соңғы сөздерінің бірінде:

«Ұрпағым – менің бұтағым,
Болса екен деймін бірлікте.
Адам – бір көшкен керуен,
Құрармыз аз күн серуен...» – деп, 80 жасқа жетудің қиындығын, өмірдің өткіншілігін айтып қалғаны көрсетілген.

Жақсыгеннің жазбасы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Оқырмандар қайғыға ортақтасып, «Жаны жәннәтта болсын», «Арты қайырлы болсын», «Алла сабыр берсін» деп жылы лебіздерін қалдырды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор