387

Алматыда балконнан дәрет сындырған ер адам жұрттың ашуын туғызды

Полиция балконнан дәрет сындырған тұрғынды тексеріп жатыр.

Алматыда балконнан дәрет сындырған ер адам жұрттың ашуын туғызды
Threads

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде түсірілген видео тарады. Кадрда ер адамның балконнан дәрет сындырған сәті бейнеленген. Оқиға жұртшылықтың ашуын туғызды.

«Бір ер адам 6–8-қабаттағы балконнан дәрет сындырды. Мұндай қылық – мәдениетсіздік қана емес, айналадағы адамдар үшін де қауіп. Әр күн сайын адамдардың әрекетіне таңғалудан қалып барамын», – деп жазды Threads желісіндегі қолданушы бейнероликпен бірге. Ол полицияға шағым түсірілгенін атап өтті.

Алматы қалалық Полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалда көпқабатты үйдің балконында ер адамның дәрет сындырғаны анық көрінеді. Оқиға Наурызбай ауданында болған. Қазіргі уақытта полицейлер тексеру жүргізіп жатыр. Мұндай әрекет – қоғамдық тәртіп пен мораль нормаларын өрескел бұзу. Заң бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, сондықтан заң аясында шара қолданылады», – деді полицияның баспасөз қызметі.

Материал авторы