«Mangstau»: Ақтаудағы әскери академия билбордында қазақ тілі бұрмаланып, мемлекеттік ту қате бейнеленген
Жасанды интеллект арқылы сапасыз жасалған жазу жұрттың ашуын туғызды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда әскери академияға орнатылған билборд жұрттың наразылығын туғызды. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда қазақ тіліндегі жазудың мағынасыз «рандом әріптерден» құралғаны байқалады.
Плакатта бейнеленген қыздың формасындағы шеврон да түсініксіз символдармен өрнектелген, ал фуражкасында Қазақстан туының бұрмаланған нұсқасы көрініп тұр. Алғаш болып бұл олқылыққа Жанат Сәкенұлы назар аударып, Threads желісінде фото мен видеосын жариялаған.
Даулы билбордтың тапсырыс берушісі әскери академия болып шыққан. Алайда оқу орнының басшылығымен байланысу мүмкін болмаған.
Алайда жағдайға акимат жедел реакция білдірді:
«Конструкция тапсырыс беруші мен кәсіпкер арасындағы келісімшарт негізінде, акиматтың рұқсатынсыз орнатылған. Қателер түзетіліп, билборд жаңартылды. Мұндай заңбұзушылық қайталанса, жауапкершілік қарастырылған», – деді әкімдік баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желі қолданушылары «келесіде әскери академия нейрожасанды интеллектке емес, кәсіби дизайнерлерге жүгінгені жөн» деген пікір қалдырды.
Материал авторы