Ақтөбеде Қандыағаш қаласының әкіміне әйелді ұрып-соқты деген айып тағылды

24.09.2025, 09:45
374
Ақтөбеде Қандыағаш қаласының әкіміне әйелді ұрып-соқты деген айып тағылды Dreamstime.com

Жәбірленуші әйел әкімдікке жеке мәселесін айтуға барған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш қаласының әкіміне қатысты қылмыстық іс қарала бастады. Шенеунікке Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) айып тағылған.

Сот отырысында айыпталушы өзін отбасылы мемлекеттік қызметші екенін айтып, аты-жөнін жариялауға қарсылық білдірді және тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Прокурордың айтуынша, оқиға 2024 жылдың 26 желтоқсанында қала әкімінің кабинетінде болған.

«Әкім дауыс көтеріп, танысына ашуланған. Мойнын қысып ұстап, сол жақ басы мен мұрын тұсына бірнеше рет соққы жасаған. Денсаулыққа жеңіл зиян келтірген», — деді прокурор Аманжолов.

Жәбірленуші әйел әкімдікке жеке мәселені анықтау үшін барғанын, бірақ жанжал кезінде әкім күш қолданғанын айтты. Дәрігерге қаралып, мойнындағы жарақат туралы хабарлаған.

«Полиция бастапқыда арызымды дәлел жеткіліксіз деп қабылдамады. Кейін прокуратураға шағым жаздым. Жергілікті блогерлер мен басшылар хабарласып, арызды қайтарып алуымды сұрады — мен мұны жанама қысым деп түсіндім», — деді ол.

Дәрігерлік анықтамадағы датаның (27 желтоқсан) кеш жазылуы медициналық қателікпен түсіндірілді.

Сот отырысы жалғасуда.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады